«Жаяу бұрқасын, қар, тұман»: 24 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

24.02.2025, 09:05
501
«Жаяу бұрқасын, қар, тұман»: 24 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 24 ақпанда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде қатты қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында тұман, облыстың орталығында, солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың орталығында, солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада аздап тұман болады деп күтіледі.

Алматы облысының батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

24-25 ақпанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қар жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, тұман түсуі ықтимал. Оралда да қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.  

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жезқазғанда жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.  Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 18 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түсіп, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте жаңбыр, күннің екінші жартысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жаңбыр жауып,  оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, сондай-ақ орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.  

Түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын жүріп, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), болады, облыстың батысында, солтүстігінде қалың қар жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз қар жауып, күн райы бұрқасын болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды