«Колготка киген гейлер жүгіріп жүреді»: тұрғындар Досаевқа шағымданды

Аиса Махамбет Редактор
27.02.2025, 15:40
644
«Колготка киген гейлер жүгіріп жүреді»: тұрғындар Досаевқа шағымданды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Алматылықтар Досаевқа колготка мен белдемше киген еркектерді жөнге салуды айтып шағым түсірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесу кезінде Медеу ауданының тұрғындары жақын маңдағы барлар мен оған баратын күдікті адамдар тобына шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Кездесу барысында Ерболат Досаевқа арыз-шағыммен келгендердің қатарында Медеу ауданының тұрғындары да болды. Олар қаптаған барлар мен оған баратын ЛГБТ өкілдерінің үстінен шағым түсірді.

“20 бар. Адам төзгісіз. Жұма, сенбі күндері аулада қысқа белдемше мен колготка киген гейлер жүгіріп жүреді. Бұл не сұмдық? Полицияға хабар береміз. Олар сирек келеді. Ал мұның бәрін балаларымыз бен немерелеріміз көріп отыр”, – дейді ашынған әйел. 

Тұрғынның не жөнінде айтып жатқанын алғашында түсінбей, таңғалған қала басшысы Медеу ауданының әкіміне жалт қарап, “не?” деген сұрақты бірнеше рет қойды. 

Шағымға қатысты Ерболат Досаев сұрақты Медеу аудандық полиция бөліміне жолдады. Ондағылар бейсенбіден жексенбіге қараған түні тәртіп сақшылары ауданда іс-шаралар өткізіп, хаттамалар рәсімдейтінін айтты.

Қала басшысы Назарбаев көшесіндегі барлармен жұмыс істеген полиция қызметкерлерінің бұл тұста тәжірибелі екені айтып, дәл сол әдісті Медеу ауданында қолдануды тапсырды.

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты