Нұрлан имам ауызашар кезінде арабша дұға ету міндет емес екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
28.02.2025, 16:40
1153
Нұрлан имам ауызашар кезінде арабша дұға ету міндет емес екенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Дұғаңызды ана тілімізде жасай беріңіздер дейді имам.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыз ашу дұғасы араб тілінде оқу маңызды емес дейді Нұрлан имам.

Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, көпшілікке танымал Нұрлан Байжігітұлы Instagram парақшасында оқырманның сұрағын жауап берді.

Ауыз бекітіп, ашқанда неге дұға оқимыз? Біріншіден, осыны түсініп алайық. Пайғамбарымыздың хадисінде ауыз ашқан кезде бір дұға қабыл болады деп айтылған. Осы сәтті пайдаланып, жақындарымызға, елімізге, отбасымызға шын жүректен дұға етуіміз керек. Өйткені миллиондаған адамның дұғасы қабыл болса, жақсылықтың еселенетіні сөзсіз. Ал дұғаны тек араб тілінде жасау міндетті емес. Қазақ тілі – мағыналы, шұрайлы тіл. Сондықтан дұғаңызды ана тілімізде жасай беріңіздер. Қазақша айта беріңіздер. Ауыз бекіткенде ниетті жүректен жасау жеткілікті, ал оны дауыстап айту – сауап, – деп түсіндірді имам.

Имамның бұл жауабы көпшіліктің көңілінен шығып, әлеуметтік желі қолданушылары ризашылықтарын білдірді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді