570

3 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

3 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазгидромет ел аумағында 3 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Дерекке қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады.

- ҚР оңтүстігінде жауын-шашын түседі, жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, орталықта - жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі, - деп жазды синоптиктер.

Материал авторы