Қарағандылық жасөспірім 14 жасар баланы киімімен бірге өртеп жіберген

Аиса Махамбет Редактор
04.03.2025, 13:31
701
Қарағандылық жасөспірім 14 жасар баланы киімімен бірге өртеп жіберген әлеуметтік желіден

Баланы ауыр күйік шалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай ауылында жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиға орын алды. 16 жастағы жасөспірім 14 жастағы Нұрсұлтанның үстіндегі киімін өртеп жіберген. Салдарынан Нұрсұлтан ауыр күйік жарақатын алған.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқиға үй ауласында болған. Сол сәтте Нұрсұлтанмен бірге тағы үш жасөспірім болған. Олардың ішіндегі ең үлкені бензинді иіскеуді ұсынған, осы кезде жанармай Нұрсұлтанның шалбарына төгіліп кеткен. Кейін 16 жастағы жасөспірім бензин үшін өтемақы ретінде 4500 теңге сұраған. Алайда, Нұрсұлтан ақшасы жоғын айтқанда, оның үстіндегі киіміне өрт қойған.

Нұрсұлтан күйік шалған шалбарын шешуге тырысқанымен, жанармай сіңген мата терісіне жабысып қалған. Ең сорақысы, күдікті оқиға болған соң жедел жәрдем шақырмаған.

16 жасар баланың немқұрайлығына таңғалдым. Ол ұлыма жай ғана жаңа шалбар әкеліп беріп, болған оқиғаны ешкімге айтпауын талап еткен, – дейді Нұрсұлтанның анасы.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің аты-жөні анықталып, одан жауап алынды.

Күдіктінің жасына байланысты міндетті кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы шыққан соң іс сотқа жіберіледі. Тергеу Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген ресми хабарламада.

Ауыр күйік алған Нұрсұлтан Балқаш қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған орта дәрежедегі күйік диагнозын қойды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтанның анасы ұлының мектепте де қатарластары тарапынан қысым көріп жүргенін айтты. Дегенмен, ол бұл істің жабылып қала ма деп алаңдайтынын жеткізді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды