Нұрлан имам: «Меккедегі арабтың жағдайын білеміз, бірақ көрші тұрған ағайынның жағдайын білмейміз»

Аиса Махамбет Редактор
04.03.2025, 15:56
1130
Нұрлан имам: «Меккедегі арабтың жағдайын білеміз, бірақ көрші тұрған ағайынның жағдайын білмейміз» бейнежазбадан алынған кадр

Желіде танымал болған имам «Балаға азан шақырып ат қою міндет пе?» деген сұраққа жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Нұрлан имам деп танылған Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы оқырмандарының сауалына жауап бере отырып, балаға азан шақырып ат қоюға қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желіле оқырмандардың бірі Нұрлан имамнан «балаға азан шақырып ат қоймаса, не болады?» деп сұраған.

Ештеңе етпейді. Балаңызға ең алдымен дұрыс тәрбие беріңіз. Азан шақырып ат қою – діннің маңызды бөлігі. Дегенмен біздің адамдар сондай дүниелерге көбірек мән беріп, тәрбие мәселесі қалып қойып жатыр.

Мысалы, үйіміз қабат-қабат, бірақ оның ішінде өмір сүретін адамдар аз, медицина дамып жатыр дейміз, бірақ аурудың да түр-түрі шығып жатыр. Меккеге ұшақ бос бармайды, бірақ көршіге кірмейміз. Меккедегі арабтың жағдайын білеміз, бірақ көрші тұрған ағайынның жағдайын білмейміз. Байлық көп, жүректің тыныштығы жоқ. Ақыл айтқыштар көп, бірақ парасаттылыққа тәрбиелейтін ілім жоқ. Араласатын адам көп, бірақ шынайы, сырласатын дос жоқ. сағаттың түр-түрі шығып жатыр, бірақ бір-бірімізге уақытымыз жоқ. Киген киіміміз алтын, бірақ жүрегіміз тас. Көп нәрсе бар, бірақ пейіліміз тар, - деді Нұрлан имам.

Имам имандылық пен адамгершілікт қатар ұстап, ұлтқа қызмет етуге, балаға алдымен ата-ана өзі үлгі болуға шақырды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)