«Дауылды ескерту»: 11 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

11.03.2025, 09:10
538
«Дауылды ескерту»: 11 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктердің болжамынша еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, жел соғады, тұман түседі. Осыған байланысты "Қазгидромет" РГП мәліметінше дауылды ескерту жарияланды.

Түркістан облысында 11 наурызда түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады деген болжам бар.

Алматы мен Қонаев қалаларында түнде және таңертең тұман мен жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деген болжам. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қаласында 11 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласы 11 наурызда кей уақытта тұман түседі деген болжам бар.

11 наурызда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деген болжам бар. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында  қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман түседі. Ал Қызылорда қаласында кей уақытта тұман түсуі ықтимал.

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсеі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында 11 наурызда түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайға болады деген болжам бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында 11 наурызда тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Астана қаласында бұл күні  кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с.

11 наурызда Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі деген болжам бар.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман түсіп, оңтүстіктен жел соғады. Түнде облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с жел тұрады.

Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 11 наурызда жолдарда көктайғақ болады.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Жезқазған қаласында 11 наурызда кей уақыттарда тұман , көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қаласында  көктайғақболады деген болжам бар.

Емделіп жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары қолдау білдірді «Мәһр болғаны дұрыс»: Жахан Отарғалиев Дубайда келіншегіне мәһр сыйлады (ВИДЕО) Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған TikTok Қытайға қолданушылардың деректерін бергені үшін 530 млн еуро айыппұл төлемек Атырауда қоқысқа толы пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды Олимпиада жүлдегерлері пәтер кілттерін алды Астанада зейнеткерлер санаторияға тегін жолдама үшін таласып жатыр (ВИДЕО) 30 мың теңге үшін дүкеншіні аяусыз пышақтап өлтірген қаскөй сотталды Ермұрат Бәпи, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан: Ресейге кіруге тыйым салынған Қазақстан азаматтары көбейген «Бүкіл денесі жанып кеткен»: токқа түсіп қаза болған 9 жасар баланың анасы меморгандарды кінәлап отыр Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны жазадан құтылып кетті Ерекше балалар үшін жүгірген марафоншылардың арқасында инклюзивті кабинеттер ашуға мол қаржы жиналды АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөзінде делдал болудан шаршады Ресейде жаңа көліктер бұрын-соңды болмаған арзан бағаға түсті Елдегі мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейген Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады? Атырауда Каспий маңындағы қамыс өрті 2 күннен бері жалғасып жатыр Швеция мигранттарға еліне қайтқаны үшін 32 мың еуро төлейтін болды Дональд Трамп өзін «Рим Папасымын» деп жариялады (ФОТО) Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды