«Тұман, көктайғақ»: 13 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.03.2025, 09:13
555
«Тұман, көктайғақ»: 13 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды Prime Stock

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» мамандары 13 наурызда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қостанай облысында облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 17-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда секундына 23 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында  жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)