«Бізді елден кетуге мәжбүрлеп отыр»: Малайзиялық инвестор мен қазақстандық компания жанжалдың ортасында қалды

13.03.2025, 13:24
864
«Бізді елден кетуге мәжбүрлеп отыр»: Малайзиялық инвестор мен қазақстандық компания жанжалдың ортасында қалды Пресс-служба малайзийского инвестора

«Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы 700 мың теңге қарызды сылтау етіп, малайзиялық инвестормен аяқасты шартты бұзған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, малайзиялық инвестор Хии Вэй Вэн мен оның елдегі өкілдігінің бас директоры Шыңғыс Аханов, сондай-ақ Tamos Space School мектебінің директоры Нұрболат Бисенғалиев күтпеген жерден бұзылған шарттың салдарына алаңдаулы. Олардың айтуынша, «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясының шарттан бас тартуы Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың мемлекеттік мекемелерге деген сенімін азайтады дейді. Жағдайға байланысты инвестор мен аталған өкілдер Астанада баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында даудың қайдан пайда болғаны айтылды. Белгілі болғандай, 2017 жылғы EXPO көрмесі кезінде малайзиялық делегация Қазақстанның болашағы мен әлеуетіне қызығушылық танытқан. Артынша 2018 жылы малайзиялық инвестор Хии Вэй Вэн Астанадағы ауқымды жоба үшін  арнайы шақырылған. Инвестор елордада игерілмеген 14,5 гектарды құрайтын аумаққа құрылыс жүргізу үшін 96 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлаған. Жоспар бойынша инвестор бұл аумаққа 6 тұрғын үй кешенін, мектеп, бизнес орталық пен басқа да объектілерді салуы керек болған. Инвестицияға бөлінген қаржының осыған дейін 20 млрд теңгесі игерілген. Бұл қаражатқа тұрғын үй кешендері, Tamos Space School мектебі және жақында ашылған Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектеп салынған. 

Спикерлердің айтуынша, инвестор инженерлік инфрақұрылымға 1,6 млрд теңге жұмсап, мектеп пен үйлерді су, жарық және жылу жүйелерін қосқан. Шыңғыс Аханов газды Екатеринбургтен тарттырып отырған ресейлік «Глобал Газ» компаниясы Қазақстаннан кететінін мәлімдегендіктен, инвестордың қаржысына газ да тартылғанын айтты. Директор бұның арқасында ұлттық компания 3 жылу маусымында мемлекеттік бюджеттен шамамен 20 млн теңгедей үнемдеп келді дейді.

Жалпы инвестицияның  нәтижесінде «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы мемлекеттің 700 млн теңгесін жұмсамай «ұтып» отыр. Осынша қаржылық үнемге қарамастан, ұлттық компания инвестордың 700 мың теңге қарызы барын айтып, шартты бұзған. Шыңғыс Ахановтың айтуынша, 700 мың теңге – тұрғын үйді салуға арналған жерді жалдауға кететін ақша (1 кварталы - 700 мың теңгені құрайды). 2024 жылдың 14 ақпанында инвестор компаниясы ақшаны төлеп қойғанына қарамастан, отандық компания 22 ақпан күні келісімшарт бұзылатыны туралы хат жолдаған. 

Инвестор не дейді?

Шетелдік инвестор Хии Вэй Вэн Қазақстанның экономикалық тұрақтылығына сенгенін айтып, мұндай жағдайдың елдің инвестициялық беделіне кері әсер ететінін жеткізді:

«Біз миллиардтаған теңге салдық, жұмыс орындарын аштық, инфрақұрылым құрдық. Енді бізді елден кетуге мәжбүрлеп отыр. Бұл жай ғана біздің жеке жағдайымыз емес бұл халықаралық инвесторлар үшін дабыл белгісі», - деді ол.

Компанияның Қазақстандағы өкілі Шыңғыс Аханов құрылыс жұмыстары басталған кезде аумақтың мүлде бос алаң болғанын еске салды:

«Онда инфрақұрылым атымен болған жоқ: су құбыры да, электр желісі де, жылу жүйесі де жоқ еді. Біз мұның бәрін өз қаражатымызға салдық», - деді ол.

Ал Tamos Space School директоры Нұрболат Бисенғалиев мектептің болашағына алаңдайтынын жеткізді. Ол аталған білім ордасы Массачусетс технологиялық институты мен Кембридж университетімен серіктес екенін еске сала отырып, шарттың бұзылуы мектептің жұмысын жалғастыруына кедергі болуы мүмкін екенін айтты.

«Егер инвестор кетсе, мектеп жабылып қалуы мүмкін. Бұл тек біздің білім ордамызға ғана емес, халықаралық стандарттар бойынша білім алып жүрген жүздеген балаға да соққы болады», - деді ол.

Сондай-ақ мектеп директоры инвестордың қазақ балаларына болашақта жоғары оқу орнына грант беруге де ықыласты болғанын айтты. Осынша инвестицияға қарамастан «Қазақстан Ғарыш сапарының» кенеттен келісімшартты бұзуына мектеп директоры қарсылық танытып отыр.

Қазақстанның инвестициялық беделіне қауіп төнді ме?

Бұл оқиға шетелдік инвесторлар үшін үлкен қауіп туғызуы мүмкін. Қазақстан өзін халықаралық инвестицияларға ашық ел ретінде көрсеткенімен, мұндай даулы жағдайлар елдің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Сонымен қатар, бұл шешім 2023 жылғы 13 желтоқсандағы Инвестициялық штаб отырысының хаттамасына қайшы келеді. Бұл құжатта келісімшартты бұзу туралы шешім Бас прокуратурамен келісілмейінше қабылданбауы тиіс екені көрсетілген. Спикерлердің айтуынша, прокуратура келісімшартты бұзуға болмайтынын ресми түрде ескерткеніне қарамастан, бұл құжат сотта еленбей қалған.

Алдағы қадамдар қандай?

Инвестордың заңгерлері халықаралық қауымдастыққа жүгінуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бизнес өкілдері мен сарапшылар Қазақстан үкіметін араласып, әділеттілікті қалпына келтіруге шақырды.

Бұл оқиға халықаралық іскерлік қауымдастықтың назарында қалып отыр. Егер мәселе шешілмесе, бұл Қазақстанға шетелдік инвестициялардың келуіне кері әсер етуі мүмкін.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды