SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда полиция қызметкері қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып, бала оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай 13 мамыр күні облыс орталығының 27-шағынауданындағы тұрғын үй ауласында болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәліметінше, қызметтік жол талғамайтын көлік тұрғын үйдің алдындағы жолда кішкентай баланы басып кеткен. Соққы салдарынан бүлдіршін сол жерде есін жимай қайтыс болды.
Көлік тізгіндеген полиция қызметкері дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бап 3-бөлік бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ресми емес ақпаратқа сәйкес, жүргізуші медициналық тексерістен өткен, алкоголь немесе есірткілік масаңдық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасып жатыр. Полиция департаменті бұл істі ерекше бақылауға алған.
RUS