510

«Жауын-шашынсыз күн»: 17 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

«Жауын-шашынсыз күн»: 17 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 17-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, жоғары атмосфералық қысымның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен күн құбылмалы болады және жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Материал авторы