24 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгінгі күн райы қандай болмақ?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр -1-3 градусты көрсетсе, түнде -6-8 градусқа дейін суытады.
Алматыда бүгін күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз термометр +15, түнде +9 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз кей уақытта нөсер жауын жауады, найзағай ойнайды. Күндіз ауа +17, түнде +10+12 градус жылы болады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші