«Менің қатыным, өзім білемін»: Ер адам санитар әйелін дәрігерлерден қызғанып аурухана ішінде ұрып-соққан (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
26.03.2025, 10:50
825
«Менің қатыным, өзім білемін»: Ер адам санитар әйелін дәрігерлерден қызғанып аурухана ішінде ұрып-соққан (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Осымен екінші рет қабырғамды күйеуім ұрып сындырды дейді Сәуле.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында Тасбөгет кентінде ер адам ауруханада жұмыс істейтін жұбайын қызғаныштан мекеме ішінде ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Оқиғаға полицейлермен сұхбаттасу үшін Тасбөгет ауылына барған журналист Жазира Бегалы куә болған.

Зардап шеккен Сәуле Акимованың айтуынша, ол дәрігерден күйеуінің медициналық порталы туралы мәліметтерді сұраған. Алайда дәрігер әйелдің жұбайына қоңырау шалып, оны өзіне шақыртқан. Ашуланған ер адам медициналық мекемеге келіп, дәл сол жерде әйелін аяусыз ұрған. Әйелге екі қабырғасында жарық диагнозы қойылды.

Сәуле ауруханада санитар болып жұмыс істейді. Оның екі баласы бар.

“Ауырып тұрмын, жаным қиналып тұр. Күйеуімнің үстінен арыз жазып, қаматқым келеді. Аурухана қарап, ауруды бастын дәрі берді. Қабырғамды күйеуім ұрып сындырды. Осымен екінші рет. Өткенде де осылай еткен. 

Әрқашан осылай мені ұрады. Ішіп алса да, ішпесе де… Тілі де жаман. Балағаттай береді. Ауруханада санитар болып жұмыс істеймін. “Сол жердегі еркектермен ойнассың” дейді. Ол жерде 99 пайыз әйел адам жұмыс істейді. 8-ақ ер адам бар үлкен ауруханада. Солармен мені қосып, үнемі балалардың көзінше балағаттап, табалай береді”, – деді келіншек. 

Ал Сәуленің күйеуі болса өз қателігін мойындамайды. 

"Менің қатыным, өзім білемін. Сотқа жүгінемін, бұл менің отбасылық ісім", - деді ер адам видеода.

Қызылорда облысының полиция департаменті денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Жәбірленуші екі баласымен дағдарыс орталығына орналастырылды. Онда оларға жан-жақты психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Отбасын қорғау мақсатында күдіктіге (3 топтағы мүгедекке) қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды", - деп хабарлады полиция.

Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)