1499

Былтыр ғана тағайындалған «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті

Жұмыстан кетуіне не себеп болғаны көрсетілмеген.

Былтыр ғана тағайындалған «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті
hcbarys.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астаналық «Барыс» клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Алайда басшының мұндай шешіміне нақты не себеп болғаны көрсетілмеген.

Естеріңізде болса, Нұрлан Оразбаев астаналық ұжымға былтыр 17 қазанда Борис Иванищевтің орнына тағайындалған еді. Оразбаев бұған дейін де басшылық лауазымды екі рет атқарған.

Оразбаев келгелі «Барыс» хоккей клубы бірқатар маңызды өзгерісті бастан өткерді. Жаңа басшылықтың алғашқы шешімдерінің бірі деп барлық солтүстік америкалық легионерлермен келісімшарттарды тоқтатқанын айтуға болады.

«Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 68 матчта 35 ұпай жинап, 12-орынды иеленді. Бұл – клуб тарихындағы ең төменгі көрсеткіш.

Материал авторы