Найзағай, шаңды дауыл: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

14.04.2025, 09:05
460
Найзағай, шаңды дауыл: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды Getty Images

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында да найзағай жарқылдайды, сондай-ақ түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең найзағай ойнап, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15 м/с.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Жезқазғанда да түнде және таңертең найзағай ойнап, тұман болады деп болжанады.

Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай  ойнайды. Облыстың оңтүстік жартысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 24-29 м/с дейін жетеді. Алматыда таңертең қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта кей уақытта найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей тұста 30 м/с  дейін жетеді. Облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Облыстың солтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қостанай облысының батысыңда, солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың батысында 1 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысында найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ  түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Павлодарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Ақтөбеде түнде 0-2 градус аяз болып, үсік жүруі ықтимал. 

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оралда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді