Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

15.04.2025, 13:10
329
Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті instagram.com/cenzura_aktau

Суицидке итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30-ықшамаудандағы «Інжу» тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты үйдің терезесінен ер адам секіріп кеткен. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға кеше, 13 сәуірде болған. 1974 жылы туған ер адам төменде тұрған көліктің үстіне пәтер терезесінен секіріп кеткен. Алдын ала нұсқа: суицид.

Оқиға бойынша «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа іс материалдары тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, деп қорытындылады ведомство.

Өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе оған итермелеу дәлелденсе, қылмыскер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, қазір өзін-өзі өлтіруді насихаттау да қылмыстық құқық бұзушылық болып, ең төменгі жалақының 200 мөлшерінде айыппұл салынады.

Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді Қарағандылық мүгедектігі бар жанды өз туысқаны көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген Нығматулиндердің басына күн туды: Нұрлан Нығматулинның ұлы рейдерлік ісі бойынша тергеліп жатыр Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүруі мүмкін Дабыл! Астана аспаны жабылады! Қарттарды әбден азаптаған пансионат қызметкері небәрі 3 жылға сотталды