«Бұршақ, жел, жаңбыр»: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

16.04.2025, 09:05
494
«Бұршақ, жел, жаңбыр»: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Фролов Михаил / Комсомольская правда

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 сәуірде елдің басым бөлігіндегі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус аяз болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде жаңбыр, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақытта найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік жүреді.

Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың батысында, орталығында найзағай ойнайды, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус үсік жүреді.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақыттарда найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)