Депутат Дәулет Мұқаев «Алатау серілері» тобын оқытушыларға мәжбүрлеп билет сатқызды деп айыптады

Аиса Махамбет Редактор
16.04.2025, 12:52
619
Депутат Дәулет Мұқаев «Алатау серілері» тобын оқытушыларға мәжбүрлеп билет сатқызды деп айыптады жеке мұрағатынан

Белгілі болғандай колледж бастығы 100 билетті алып, мұғалімдерге сатқызған боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халық қалаулысы Дәулет Мұқаев колледж оқытушыларына “Алатау серілері” тобының концертіне күштеп билет сатқызып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Айта кетейік, 1 мамыр күні Республика сарайында “Алатау серілері” жеке концертін бермек. Депутат оқырман хатын жеке парақшасына жариялады. 

“Колледж оқытушысы болып жұмыс істеймін. Бізге қинап билет алғызып жатыр. 5000 теңгені оқытушылар мен студенттерден қолма-қол жинап жүр. Қайда жүгінсек болады. Үнемі осылай ақша жинатады”, – деп жазған оқырманы. 

Депутаттың сөзінше, бір күнде бірнеше оқырманынан осындай хат алған. 

“Осы мазмұндағы хаттар жиі келіп жатады. Мұғалімдерді концертке билет алуға мәжбүрлеу – заңсыз! Білім саласының қызметкерлерінен, атап айтқанда колледж, мектеп мұғалімдерінен “Алатау серілерінің” концертіне 5000 теңгеден билет алуды талап етіп жатыр деген бірнеше хат келді. Бұл – өрескел заңбұзушылық. Республика сарайына адам толмай жатса, мұғалімдердің не жазығы бар?! Шағын сахналар да концерт беруге болады. Көресіздер, мына посттан кейін мәжбүрлі билет алдыруға қатысты білім бөлімі де, “Алатау серілерінің” жігіттері де ештеңе білмей шығады”, – деді мәжілісмен. 

Stan.kz тілшісі аталған өнерлі топтың менеджеріне хабарласып көрді. 

“Біз де әлеуметтік желіден оқыдық. Мәжбүрлеп билет сатуға ешқандай қатысымыз жоқ. Ұйымдастырушылардан колледж бастығы 100 билет алған. “Біз сіздерге көмектесейік, сатып берейік” депті. Негізі билет бағасы – 3 мың теңгеден басталып, 20 мыңға дейін жетеді. Қазір осы шудан кейін 100 билетті қайтарып алдық. Сатып алғандардың ақшасы түгел қайтарылады. Концерт алдында мынадай жанжал қажет емес. Топ мүшелері немесе продюсері билет алуға ешкімді мәжбүрлемеген”, – деп жауап берді ресми өкілі. 

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)