23 сәуір - Ұлттық кітап күні

23.04.2025, 09:45
818
23 сәуір - Ұлттық кітап күні canva

Бүгін елімізде Ұлттық кітап күні аталып өтуде.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұл күн Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы қаулысымен 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» ретінде ресми түрде бекітілді. Аталған бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Президент өз сөзінде былай деді:

Кітапқұмарлық – өте жақсы қасиет. Көптеген елдерде Ұлттық кітап күні атап өтіледі. Біз де осы игі дәстүрді қабылдауымыз қажет. Ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуға тиіспіз. Сонда ғана кітап сүйетін ұлтқа айналамыз.

2025 жылы бұл мереке елімізде алғаш рет кең ауқымда тойлануда. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, «Ұлттық кітап» байқауы аясында соңғы екі жылда жарық көрген үздік туындылар түрлі аталымдар бойынша марапатталып жатыр.

Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде кітап апталықтары, әдеби кездесулер, челлендждер мен көрмелер ұйымдастырылуда.

Ұлттық кітап күні – оқу мәдениетін нығайтуға, жастарды кітап оқуға ынталандыруға әрі ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Айта кетерлігі, бұл мереке ЮНЕСКО белгілеген Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен тұспа-тұс келіп, халықаралық мәнге де ие.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)