24 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

24.04.2025, 09:05
465
24 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК мамандары 24 сәуірде Қазақстан аумағы бойынша дауылды ескерту жариялады.

Түнде және күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда да аракідік найзағай ойнайды.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с. Атырауда да найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматы, сондай-ақ Қонаев қалаларында да күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында өрт қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Көкшетауда түнде топырақ беті қатып, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Семейде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Петропавлда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус аяз болып, үсік жүру ықтималдылығы жоғарылайды.

Астанада түнде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ беті қатып, үсік жүру ықтималдылығы жоғары болады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с. Оралда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар»