Полицейді өлтірген 19 жастағы бозбала орманда тығылып жүр

24.04.2025, 14:48
1012
Полицейді өлтірген 19 жастағы бозбала орманда тығылып жүр жеке мұрағатынан

Тұрғындар қаскөйдің әлі іздеуде жүргеніне алаңдаулы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Ленинград облысындағы Кингисепп қаласында полицейді өлтірді деген күдікпен 19 жастағы Руслан Т. есімді Сланцы қаласының тұрғыны іздестірілуде. Қайғылы оқиға 23 сәуір күні түске таяу болған.

Шамамен 11:30-да полиция қызметкері Дмитрий Семенов бөлімшеден шыққаннан кейін 100 метр жер жүргенде, күдік тудырған қара киімдегі жігітті тоқтатып, құжатын тексермек болады. Алайда күдікті ештеңе айтпастан, полицейді мойын тұсынан пышақпен орып жіберіп, оқиға орнынан бой тасалаған. 24 жастағы полицей оқиға орнында көз жұмған.

Қазір күдіктіні ұстау үшін Кингисепп ауданының барлық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Көрші аймақтардың да құқық қорғау органдарына хабар берілді.

Дмитрий Семенов — кәсіби спортшы, бұрынғы шаңғышы және биатлоншы. Соңғы екі жылда полицияда қызмет атқарған. Жолдастары мен ұстаздары оны сенімді, қайсар әрі адал адам ретінде сипаттайды.


Сурет: vk.com/tour_de_vyborg

Күдікті жайлы не белгілі:

Руслан Т. – бұған дейін де тәртіп бұзған, алкомаркеттерге жиі бас сұғып, фейерверк жару арқылы тұрғындарға мазасыздық тудырған. Оның орман ішінде шалаш құрып, біртүрлі әрекеттер жасаған. Соңғы кездері бір реттік ыдыс сатып алып, орманға кеткені байқалған.

Зерттеулерге қарағанда, күдікті есірткі әсерінде болуы мүмкін. Қолында пышақ пен страйкбол гранаталары бар деген мәлімет бар.

Полиция дрон арқылы оның ормандағы орнын анықтап, тығырыққа тіреген. Ұстау сәті жақын.

Ал күдіктінің анасы полицейлерге жауап беруден бас тартқан. Тәрбие негізінен әжесінің мойнында болғаны айтылған.


Күдікті Руслан. Сурет: жеке парақшасынан

Қазір бұл іс бойынша «қызметтік міндетін атқарып жүрген адамды өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады