Ер адам шулаған жастарды тыныштандырамын деп әйел адамды атып өлтірді

Аиса Махамбет Редактор
25.04.2025, 14:44
1163
Ер адам шулаған жастарды тыныштандырамын деп әйел адамды атып өлтірді Shutterstock / SROOLOVE

Енді ол 15 жылға сотталуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Мәскеу облысындағы Подольск қаласында 57 жастағы Василий Петров өз қолымен құрастырған қарумен көшеге шығып, 36 жастағы әйелді оқпен өлтірді. Бұл туралы Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Қайғылы оқиға Теміржол көшесіндегі балалар алаңында түн ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам түнгі уақытта алаңда шулап жүрген жастарға ашуланып, алдымен ескерту ретінде ауаға оқ атқан. Алайда жастар оның қаруын тартып алуға тырысқан сәтте, оқ кездейсоқ Екатерина К. есімді әйелдің кеудесіне тиіп, ол оқиға орнында қаза тапты.

Күдікті Василий Петров оқиға орнында ұсталып, оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша айып тағылды. Тергеу ісін Мәскеу облысының тергеу комитеті жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс прокуратура бақылауына алынған.

Қазіргі мәліметке сәйкес, ер адамға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды