30 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

30.04.2025, 09:01
462
30 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Unsplash

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК мамандары 30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігідне жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында, орталығында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шымкентте солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. 

Астанада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 30 сәуірде облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Жетісу облысында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 24-29 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды