1455

Қазгидромет мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын жеткізді

Алдағы күндері күн райы құбылмалы болмақ.

Қазгидромет мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын жеткізді
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы өңірлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

2 мамыр күні республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Материал авторы