Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12.05.2025, 09:30
181
Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Getty Images

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер 12 мамыр, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады. 

Астанада түнде және таңертең тұманды ауа райы болады.

Атырау облысының батысында және солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыс желі, күндіз оңтүстікте және шығыста 15-20 м/с жел тұрады. Атыраудың оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары болады. 

Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде нөсер жаңбыр күтілуде. Оңтүстік, солтүстік және шығыста найзағай, күндіз солтүстікте, шығыста найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік желі, күндіз оңтүстік пен шығыста 15-20 м/с жел болады. Оралда түнде найзағай болады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде мезгіл-мезгіл найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте, шығыста таңертең және түнде тұман болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстік желі, таңертең және күндіз батыс пен солтүстікте 15-20 м/с жел күтілуде. 

Ұлытау облысы мен Жезқазғанда өрт қаупі жоғары болады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда найзағай болады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, батыс пен солтүстікте өрт қаупі жоғары болады. 

Алматыда түнде найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте, шығыста таңертең және түнде тұман болады. Батыс, солтүстік-батыс желі, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте 15-20 м/с жел болады. Шығыстың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. Өскеменде түнде найзағай болады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында түнде найзағай болады. Солтүстікте, оңтүстікте таңертең және түнде тұман түседі. Солтүстік-батыс, солтүстік желі, шығыста, оңтүстікте 15-20 м/с жел тұрады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары сақталады. Семейде өрт қаупі жоғары болады. 

Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде және оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады, батыс және орталық аймақтарында төтенше өрт қаупі бар. 

Ақтөбе облысында желдің екпіні оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, түнде батыста, күндіз солтүстікте, батыста, оңтүстікте 15-20 м/с болады. Оңтүстікте күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың оңтүстік-шығысы, батысы өрт қаупі жоғары болады. Ақтөбеде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, күндіз 15 м/с болады.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі, шығысында түнде және таңертең тұман болады. Облыста өрт қаупі жоғары болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында күндіз найзағай болады. Оңтүстікте түнде тұман болады. Облыстың оңтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары болады. 

Қостанай облысында түнде найзағай болады, күндіз батыс пен солтүстікте найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс аймақта түнде тұман күтілуде. Жел шығысынан, күндіз солтүстікте, шығыста 15-20 м/с болады. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары болады. Қостанайда найзағай болады.

Қызылорда облысында өрт қаупі төтенше жоғары болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз найзағай болады. Батыс аймақта тұман күтілуде. Жел оңтүстіктен, оңтүстікте күндіз 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс аймақта түнде тұман болады. Күндіз солтүстікте, шығыста шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа өтеді, солтүстікте, шығыста 15-20 м/с болады. Оңтүстікте күндіз 38 градусқа дейін ыстық болады. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады. 

Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО) «Путин, сылтауратпашы!»: Зеленский 15 мамыр күні Ыстамбұлда Путинмен шұғыл кездесуге баратынын айтты «Күдіктілер 15 жаста»: Атырауда бір топ жасөспірім 2 балаға зорлық пен қастық жасаған (ВИДЕО) Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Құрбан айтта қанша күн демалыс беріледі? Қайрат Нұртастың әйелі балалары автобуспен жүретінін айтты (ФОТО) «Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) Мамырда Қазақстанның оннан астам өңірінде құрғақшылық болады Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО)