Әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақы сомасы ұлғайтылмақ

15.03.2023, 15:13
740
Әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақы сомасы ұлғайтылмақ smartnews.kz

Әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақылардың сомасын көбейту ескеріліп отыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Кодекстің келесі жаңалығы – атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту.

Оған сәйкес мемлекеттік қолдау алдымен әлеуметтік сын-қатердің алдын алатын атаулы шара ретінде қараластырылып, одан кейін ғана атаулы әлеуметтік көмек ретінде ескеріледі. Бұл ретте, 2 мәселеге баса назар аударғым келеді. Біріншіден, атаулы шаралар цифрлық карта негізінде анықталып, отбасының статусына қарай іске асырылатын болады. Осы орайда цифрлы картадан көпбалалы отбасылардың түрлі әлеуметтік сын-қатерге тап болуы ықтималдығы жоғары екендігін көрдік. Сондықтан балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы жүйесін сақтай отырып, балаларды қорғаудың қосымша атаулы шаралары қарастырылды», - деді Т. Дүйсенова.

Осы орайда Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ретінде мына қадамдар ескерілген:

- бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту;

- көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы сомасын саралау және оларға наградталған ана деген жаңа мәртебе беру;

- әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақылардың сомасын көбейту.

«Тағы бір маңызды өзгеріс – атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінің орнына медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесі зерделенді. Осы ұйымға кіретін 8 мемлекет осы тәсілді пайдаланып келеді. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызына, Канадада - 50, ал Еуралық одақ елдеріне кіретін кейбір мемлекеттерде 60 пайызына пара-пар. Біз де осы тәжірибені 2025 жылдан бастап енгізуді көздеп отырмыз», – деді Тамара Дүйсенова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әлеуметтік кодекс жобасында қағаз құжаттар жүйеден шығарып, жәрдемақыларды проактивті форматта бекіту ескерілген.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды