«1 млн еуро беруге уәде берді»: Лондонда болгарлық Ресей тыңшылары қолға түсті

13.05.2025, 12:32
852
«1 млн еуро беруге уәде берді»: Лондонда болгарлық Ресей тыңшылары қолға түсті Dan Kitwood / Getty Images

Шпиондар Ресейден кеткен белсенділер мен журналистерді аңдумен және қолға түсірумен айналысып келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лондонда алты болгар азаматы Ресейдің пайдасына тыңшылық жасағаны үшін сотталды.

Ұлыбританияда тұратын алты болгар азаматы Ресей мүддесіне жұмыс істегені үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкімді 12 мамыр күні Лондондағы Орталық қылмыстық сот – Олд-Бейли шығарды.

Топ жетекшісі — 47 жастағы Орлин Русев алты тыңшылық операцияға қатысқанын мойындап, 10 жыл 8 айға сотталды. The Guardian басылымының хабарлауынша, бұл операциялар Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірген.

Оның серігі, 44 жастағы Бизер Джамбазов та кінәсін мойындап, 10 жыл 2 ай түрмеде отырады. Ал 33 жастағы Катрин Иванова, құрбандарды тұзаққа түсірумен айналысқан, 9 жыл 8 айға сотталды.

Тағы бір әйел — 30 жастағы Вана Габерова 6 жыл 8 ай 3 апта мерзім алды. Судья оның клаустрофобия (тар кеңістіктен қорқу) диагнозын ескергенімен, ол тыңшылықпен айналысқаны үшін бәрібір жазасын өтейтін болды.

39 жастағы Тихомир Иванчев 8 жыл алды. Оның қылмыстық топтан 2023 жылғы тұтқындалуына дейін өз еркімен кеткені, сондай-ақ үлгілі мінез-құлқы жеңілдететін жағдай ретінде ескерілді.

Соңғы қатысушы — 33 жастағы Иван Стоянов 5 жыл 3 аптаға сотталды. Ол да кінәсін мойындағанымен, оны тым кеш жасағаны үшін жеңілдік берілмеді.

Тыңшылық үшін басты түрткі – ақша болған

Сот шешімі бойынша, үкім алғандардың әрқайсысы жазасының жартысын өтегеннен кейін ғана шартты түрде босатылу мүмкіндігіне ие болады. Одан кейін олар Болгарияға депортациялануы мүмкін.

Бизер Джамбазов тыңшылық әрекетке басты себеп – ақша болғанын мойындады. Топ мүшелері 1 миллион еуроға дейінгі сыйақы алуы мүмкін болған. 2020 жылдан 2023 жылға дейін олар Ресейдің мүддесі үшін журналистер мен диссиденттерге қатысты барлау және бақылау жұмыстарын жүргізген.

Ұлыбритания полициясының лаңкестікке қарсы бөлімінің басшысы Доминик Мерфи:

«Бұл топ Ресей мемлекетінің тапсырмасымен Ұлыбритания мен Еуропада тыңшылық жүргізген. Сот үкімі — өте күрделі тергеудің нәтижесі», – деді.

Бұл топ Марсалек басқарған шпиондық желінің бір бөлігі болған

Зерттеу мәліметтері бойынша, бұл шпиондық желіні неміс компаниясы Wirecard-тың экс-менеджері Ян Марсалек басқарған. Ол бірнеше миллиардтық қаржылық алаяқтықтан кейін Ресейге қашқан және қазіргі уақытта халықаралық іздеуде.

2023 жылғы 8 ақпанда арнайы операция кезінде Ұлыбритания полициясы 200 мыңнан астам хабарламаны зерттеп, жүздеген заттай айғақты тәркілеген. Тергеу барысында топ Германиядағы АҚШ әскери базасынбақылағаны анықталды. Ол жерде украин сарбаздары дайындықтан өтіп жатқан болуы мүмкін.

Тыңшылық жұмыстары Лондон, Штутгарт, Вена, Валенсия және Черногорияда жүргізілген.

Wirecard ісі және Марсалектің Ресейге қашуы

Марсалек 2020 жылы банкротқа ұшыраған Wirecard компаниясында үшінші тарап серіктестерімен жұмыс жүргізуге жауапты болған. Бұл серіктестер негізінен Азияда орналасып, несие карталары арқылы төлемдер жүргізуді қамтамасыз ететін. Бірақ 2020 жылы 1,9 млрд еуро көлеміндегі қаражат із-түссіз "жоғалғаны"белгілі болды.

Филиппин банктері аталған сома ешқашан олардың шоттарында болмағанын айтқаннан кейін, Wirecard банкроттық жариялады, ал Марсалек Германиядан ізін суытты.

2021 жылы "Досье" орталығы мен Süddeutsche Zeitung газеті жүргізген зерттеуге сәйкес, Марсалек Ресейде жалған аты-жөнмен – Герман Баженов деген есіммен паспорт алған. Құжаттың нөмірі ресейлік бұрынғы депутат Дарья Митинаға берілген ескі паспортпен сәйкес келеді, сондықтан ресми түрде жарамсыз болуы мүмкін.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)