Бүгін еліміздің екі өңірінде 43 градус аптап ыстық болады
Бүгінгі күн райы қандай болмақ?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық орнады. Бүгіннің өзінде Шымкент пен Түркістан облысында ауа температурасы +40°C-қа жуықтады. Ал 15-16 мамыр күндері термометр бағандары +43°C-қа дейін көтеріледі.
Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте алдағы күндері тұрақты әрі құрғақ ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы +18…+22°C аралығында болса, күндізгі уақытта +40…+42°C-қа дейін ысиды. Жауын-шашын болмайды, желдің бағыты – оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 5–10 м/с шамасында.
Ал Түркістан облысында аптап ыстық одан да қатты сезілмек. Әсіресе жазық аймақтарда күндізгі температура +43°C-қа жетеді. Таулы жерлерде ауа райы сәл салқындау болады — шамамен +34°C. Түнде ауа температурасы +17…+25°C аралығында сақталады. Желдің екпіні 9–14 м/с-қа дейін күшейеді. Жауын-шашын бұл өңірде де күтілмейді.
Мамандар тұрғындарға күннің ыстығынан қорғану шараларын сақтап, ашық күн астында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.
Материал авторы