Ақтөбеде суға кеткен азаматты туған-туыстарына ескертпей жерлеген

Аиса Махамбет Редактор
15.05.2025, 14:57
484
Ақтөбеде суға кеткен азаматты туған-туыстарына ескертпей жерлеген tourbina.ru

Сотта марқұмның туыстары полиция мен Қаржы министрлігіне талап қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде суға кеткен тұрғын туыстарына хабар берілместен, бауырластар зиратына жерленген. Ер адамды баспанасыз ретінде тіркеп, белгісіз адам ретінде жер қойнына тапсырған.

Сот материалдарына сүйенсек, 2024 жылғы 16 маусымда шағымданушылардың бауыры Қарғалы өзенінде суға батып кеткен. Полиция өкілдері тергеу бастады, мәйітті мәйітханаға жөнелтті. Алайда марқұмның жақындарына бұл туралы еш хабар берілмеген.

6 қыркүйекте марқұм белгісіз адам ретінде бауырластар зиратына жерленген. Ал бұл уақытта оның туыстары іздеу жариялап жүрген. Тек 9 қыркүйекте ғана олардың ағасының қайтыс болғанын естігені белгілі болды.

Жанұя мүшелері моральдық шығын ретінде әр мекемеден 2 миллион теңгеден өндіруді талап етіп, Қаржы министрлігі мен облыстық полиция департаментін сотқа берген.

Сотта анықталғандай, полиция қызметкерлері марқұмның туыстары қайда тұратынын білгенімен, ешқандай әрекет жасамаған. Осы әрекетсіздігі үшін олар қызметінен босатылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Сот талапкерлердің жақын туысының өліміне байланысты моральдық зиян шеккенін және оны жерлеу мүмкіндігінен айырылғанын орынды деп таныды», – деп мәлімдеді Ақтөбе соты.

Сот шешімімен полиция департаменті әр талапкерге 300 мың теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді. Алайда шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)