Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

16.05.2025, 09:15
658
Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады Anadolu Agency via Getty Images

Бүгінгі күн райына байланысты ескерту жасалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 мамырда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Күндіз Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында,Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Алматы өңірінің солтүстігінде, батысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, СҚО, ШҚО, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Күндіз Алматы, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында, Павлодар облысының оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болады, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында сынап бағаны 40-44 градусқа дейін баруы мүмкін.

Оңтүстік циклонның және соған байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр болады деп күтіледі.Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Павлодар өңірінің оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Маңғыстау өңірінің солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жетісу өңірінің солтүстік-батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады