Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

19.05.2025, 09:05
593
Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Фролов Михаил/КП

19 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет 19 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарда түнде кей жерлерде қатты жаңбыр мен дауыл күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігі мен таулы жерлерінде найзағай болады. Бұл өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында екпіні 18-23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с дейін жетеді. Батысында және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с жылдамдықпен, екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с болады. Солтүстік пен оңтүстікте жоғары, батыс пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында түнде найзағай, ал күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде найзағай, күндіз шығысында найзағай болады. Жел түнде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с, күндіз шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыс желі 15 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай, батысы мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз батысы мен орталығында 15–20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында түнде найзағай, солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен шөлейт аймақтарында төтенше өрт қауіпі (5-сынып), оңтүстігінде жоғары өрт қаупі (4-сынып) сақталады.

Ұлытау облысының шығысында түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с, шығысында 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары, ал оңтүстігі, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді