Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20.05.2025, 09:05
665
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды getty images

20 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер 20 мамырда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

20 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда да найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні -  15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

20-21 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс), облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады. Шымкентте 20-21 мамырда төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15 м/с.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

20-22 мамырда Алматы облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта да 20-22 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды