Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

26.05.2025, 09:05
573
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Пелагия Замятина / Вечерняя Москва

26 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК ел аумағында 26 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Дерекке қарағанда, республиканың басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы болжанады.

Орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Тек батыста, солтүстік-батыста, елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі мүмкін, ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градусқа дейін үсік жүреді.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, Павлодар облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Абай облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді және тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді