Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады

27.05.2025, 09:05
848
Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Getty Images

27 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша«Қазгидромет» РМК ел аумағында 27 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Дерекке қарағанда, республиканың басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы болжанады.

Орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Тек батыста, солтүстік-батыста, елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі мүмкін, ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында екпіні 30 м/с және одан да көп қатты жел тұрады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола, Қостанай облыстарының шығысында топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.

Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Жамбыл облысыныың солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді, тау бөктеріндегі аудандарда, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу облысытарының оңтүстік-шығысында, Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды