Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

29.05.2025, 09:05
955
Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Getty Images

29 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 29 мамырда найзағай ойнап, тұман түседі, үсік жүреді, ал кейбір өңірлерде, керісінше жоғары және төтенше өрт қаупі болатыны болжанады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, түнде Абай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

"Солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақтала отырып, антициклон өзінің ықпалын сақтайды. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман болады", делінеді болжамда.

Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық өзге де қауіпті табиғи құбылыстар туралы ескертті: 

өрт қаупі жоғары - Атырау облысында, Жетісу облысының шығысында , Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан өңірінің оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында;

төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан өңірінің солтүстігінде, шөлейтті, тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай, Ұлытау облыстарында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында және Жетісу облысында.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 29, 30 және 31 мамырда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді