SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Ростов облысында 85 жастағы зейнеткердің өліміне оның туған немересі күдікті ретінде ұсталды.
Қанды оқиға мамыр айының соңында Новошахтинск қаласында болды. Бұған дейін белгісіз адам 85 жастағы қарияны аяусыз өлтіріп кеткені хабарланған еді. Алайда кейінірек марқұмның қарақшылардың емес, өз немересінің қолынан қаза тапқаны анықталды.
— 2025 жылдың 27 мамырында Новошахтинск қалалық полициясының кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметкерінен қоңырау келіп түсті. Ол Станционная көшесіндегі жеке үйде зорлықпен өлтірілген қарт ер адамның денесі табылғанын хабарлады, — деді полиция өкілдері.
Марқұмның денесін үйіне қонаққа келген туған жиені тауып, жедел жәрдем шақырған. Зейнеткердің басынан ауыр жарақат алғаны белгілі болды.
— Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы жіберілді. Тексеру кезінде зейнеткердің үйде жалғыз тұрғаны және оның өлімі кездейсоқ емес, қасақана кісі өлтіру екенін көрсететін дәлелдер табылды, — делінген хабарламада.
Тергеу барысында 18 жастағы немересі атасын 40 мың теңге үшін өлтіргені белгілі болды.
Қазір күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.