5155

Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды

Ол кеше сағат 12:00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы Құлсары қаласында 2018 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Бала 5 маусым күні сағат 12:00 шамасында үйден шығып кеткен, алайда сол уақыттан бері оралмаған. Жоғалғаны туралы ақпарат полицияға кешкі 21:28-де түскен.

Іздестіру жұмыстарына Жылыой аудандық полиция бөлімімен қатар төтенше жағдайлар қызметі де жұмылдырылды. Қаладағы бейнебақылау камералары тексерілген.

6 маусымға қараған түні, сағат 2:19 шамасында Құрсай өзенінен баланың денесі табылды.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Материал авторы