«Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған

06.06.2025, 13:48
386
«Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Sputnik / Абзал Калиев

Жоғары лауазымды шенеунік қамауға алынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысында медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты ірі ұрлық фактісін анықтады. Бұл туралы Антикор 5 маусымда ресми түрде хабарлады.

Тергеу деректеріне сүйенсек, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Өскемен қаласында қызмет көрсеткен жеке медициналық мекемемен сөз байласып, 400 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Бұл соманы олар Damumed ақпараттық жүйесіне жалған медициналық қызметтерді енгізу арқылы иемденген.

30 мыңнан астам жалған тіркеу тіркелген. Іс жүзінде халыққа ешқандай қызмет көрсетілмеген.

Сонымен қатар, күдікті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, жымқырған ақшаны жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы заңдастырған.

Қазір ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық іс аясында өзге де эпизодтар тексеріліп жатыр.

Антикор мәліметінше, соңғы үш жылда денсаулық сақтау саласында 134 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркеліп, 57 адам сотталған.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды