1153

5 жасар туған қызын суға тұншықтырып өлтірген ана өз еркімен полицияға берілді

Өз перзентін өлтіріп, артынша өз еркімен полицияға келді.

5 жасар туған қызын суға тұншықтырып өлтірген ана өз еркімен полицияға берілді
Мәскеу облыстық прокуратурасы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Мәскеу облысындағы Воскресенск қаласында жас ана 5 жастағы қызын өлтіріп, артынша өз еркімен полицияға берілді. Бұл туралы Мәскеу облыстық прокуратурасы жеткізді.

Қайғылы оқиға 8 маусым күні таңертең Рабочая көшесіндегі пәтерде болған. Тергеу мәліметінше, әйел қызын бірінші халаттың белбеуімен буындырып, кейін ваннаға батырып өлтірген. Содан соң ол тәртіп сақшыларына өзі қоңырау шалып, жасағанын мойындаған.

БАҚ-та тараған деректерге сенсек, анасына баласының қойған бір сұрағы агрессия тудырып, әйел жүйке жұқарып кеткен күйде әрекетке барған болуы мүмкін. Сонымен қатар, отбасындағы қиындықтар – нақтырақ айтқанда, күйеуінің кетіп қалмақ ниеті – әйелдің психологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін екені айтылып отыр.

Қазір бұл іс бойынша Кәмелетке толмаған баланы өлтіру бабымен (ҚР ҚК 105-бап, 2-бөлім, «в» тармағы) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бірқатар сот-медициналық, соның ішінде психологиялық және психиатриялық сараптамалар тағайындалды.

Воскресенск қаласының прокуратурасы істі ерекше бақылауына алды. Алдағы уақытта сот әйелдің бұлтартпау шарасын – яғни, қамауға алу-қалмау мәселесін шешеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор