Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

17.06.2025, 09:09
487
Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды Getty Images / Reuters

17 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК мамандары 17 маусымда Астана мен еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

 

Түркістан облысында сынап бағаны 40-43 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 17 маусымда күндіз 40-41 градус болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 17 маусымда күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 17 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде 17-19 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 17-19 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда 17 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз күн 35-38 градусқа дейін қызады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 17 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. 

Астанада 17 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с. Ақтөбе облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 17 маусымда кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде батыстан оңтүстіккке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 17 маусымда күндіз 42-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 17 маусымда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.

Күндіз Павлодар облысында 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 17 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 17 маусымда түнде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай облысыңың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 17 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 17 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

17-19 маусымда күндіз Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Алматыда 17-19 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады деп болжанады. Қонаевта да 17-18 маусымда күндіз сынап бағаны 35-39 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды