Өңірлерде өрт қаупі жоғары

18.06.2025, 09:09
158
Өңірлерде өрт қаупі жоғары Getty Images

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК мамандары 18 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 36 градус күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батысқа жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 46 градус ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 37 градус ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-44 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысыңың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

«Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды