Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады

19.06.2025, 13:10
670
Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Comic Con Astana 2025

9–12 шілде аралығында фестиваль алаңында TEKKEN World Tour 2025 (Dojo Series) ресми кезеңі — «файтинг» жанрындағы танымал компьютерлікойын Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтеді.

Турнирге 90-нан астам ойыншы қатысады деп күтілуде. Олар әлемдік финалға жолдама алуға қажетті рейтингтік ұпайлар мен 400 000 теңгелік жүлде қор үшін бақсынайды. Турнир Орталық Азиядағы ең ірі Tekken фанаттар қауымдастығы— Qazaqstan Tekken Fighters (QTF) қолдауымен ұйымдастырылады.

Турнир аясында Қазақстаннан ғана емес, көршілес елдерден де кәсіби және жартылай кәсіби ойыншылардың қатысуы жоспарлануда. Бағдарламаға жарыстыңтікелей көрсетілімі, үздік сегіз ойыншының шешуші кезеңі, сондай-ақ про-геймерлердің қатысуымен өтетін Street Fighter 6, Guilty Gear Strive және Dragon Ball FighterZ файтинг бағыттарындағы шаралар кіреді.  

Негізгі жарыстардан бөлек көрермендер көрсетілім ойындарды, шағынсайыстарды тамашалап, кәсіпқойлармен тікелей байланысқа түсе алады. Іс-шара алаңында Tekken 8 ойынына арналған эксклюзивті мерч өнімдері ұсынылады.

Турнир бағдарламасы төрт күнге созылады. 9 шілдеде қатысушылардың тіркелуі мен Dragon Ball FighterZ ойыны бойынша арнайы іс-шара өтеді.
10 шілдеде негізгі жарыс басталып, Guilty Gear Strive ойыны бойынша қосымша турнир ұйымдастырылады. 11 шілдеде плей-офф кезеңі өтіп, Street Fighter 6 ойынына арналған шара өткізіледі. Турнирдің шешуші финалы 12 шілдеге жоспарланған.

Турнирге қатысу үшін осы сілтеме арқылы тіркелуге болады. Тіркелу тек Comic Con фестиваліне билеті бар қатысушылар үшін қолжетімді. Билеттерді сайттан сатып алуға болады.  

Comic Con Astana аясында өтетін файтинг-турнир Otaku Zone арнайы аймағындаорын алады. Бұл кеңістік көрермендерге азия поп-мәдениетінің сан алуан қырын – аниме, манга, сән, музыка және дорама әлемін ұсынады. Геймерлік аймақ интерактив пен культтік ойындар арқылы сағынышын оятып, бұл атмосферанытолықтырады.

Қонақтарды 1000-нан астам ойынды қамтитын кітапхана, танымал блогермен біргекооператив форматта ойнау мүмкіндігі, сондай-ақ екі толыққанды аймақ күтеді: заманауи (PlayStation 5, ПК, ойын рульдері) және классикалық (SEGA, Nintendo, PlayStation 1, PlayStation 2).

Гейм-аймағының айрықша нүктелерінің біріклассикалық ойын құрылғыларының заманауи нұсқаларын шығаратын Retro Genesis компаниясының арнайы стенді. Қатысушылар екі түрлі желіні сынап көре алады: Canonicтүпнұсқа картридждермен толық үйлесімділікті қамтамасыз етеді, ал Fusionбірнеше консольді бір құрылғыда іске қосуға болатын заманауи мүмкіндіктермен жабдықталған.

Comic Con Astana-2025 — фестиваль тарихындағы ең ауқымды іс-шара болмақ. Сонымен қатар, бұл оқиға ТМД кеңістігіндегі поп-мәдениет саласындағы ең ірішаралардың біріне айналады. 2025 жылғы фестиваль бес күнге созылады (9–13 шілде аралығында) және алғаш рет екі ірі алаңда өтеді: «Астана-Арена» стадионы мен «Барыс-Арена» көпсалалы мұз сарайы.

2019 жылы негізі қаланған сәттен бастап, Comic Con Astana шағын жергілікті шарадан кино, анимация, комикс, видеойын, косплей және цифрлық өнер салаларындағы мамандар мен жанкүйерлерді тоғыстыратын толыққандыхалықаралық платформаға айналды.

2025 жылғы фестивальдің хэдлайнеріЭнди Серкис, британдық актер, режиссер және цифрлық кейіпкерлерді экранға шығару саласындағы жаңашыл адам. Олқозғалысты түсіру технологияларын дамыту арқылы кино индустриясында төңкеріс жасаған тұлға. Ең танымал рөлдері: Голлум («Сақиналар әміршісі»), Цезарь («Маймылдар планетасы»), Жоғарғы көшбасшы Сноук («Жұлдыздар соғысы»), Альфред Пенниуорт («Бэтмен», 2022), Кинг-Конг (Питер Джексон ремейкі), Улисс Кло (Marvel әлемі), Кино Лой («Андор»). Сонымен қатар Серкис «Веном 2», «Маугли» және жақында жарық көретін «Сақиналар әміршісі: Голлумға аңшылық» фильмдерінің режиссері.

Comic Con Astana-да әр жылдары фестивальдің хэдлайнері ретінде әлемдік индустрияның мойындалған жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында Мадс Миккельсен, Пилу Асбек, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және басқа да танымал актерлер бар.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды