Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр

Азиз Қалижан Редактор
23.06.2025, 19:31
1627
Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр бейнежазбадан

Аяғы ауыр актриса үйлі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа баспанаға қол жеткізгенін айтып, қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.

«Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір», – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін актриса алаяқ құрылыс компаниясының арбауына түсіп, үйінен айырылып қалғанын ашық айтқан еді. Жұлдыздың айтуынша, дау тудырған баспана 170 миллион теңге тұрады. Қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты сот процесі жүріп жатыр.

Сол қиын кезеңде Жұлдызды қолдаған халыққа актриса алғыс білдірді:

«Бір жыл бойы қатты қиналдым. Сіздер менің ауырғаныма, күрескеніме, үнсіз төзгеніме, жақынымнан көрген опасыздыққа куә болдыңыздар. Күл-талқан болып құлағаннан кейін қайта тұрып, ешкімді кінәламай, сабырмен өмір сүрдім. Эмоцияға ерік бермей, оқырмандарымның шынайы жанашырлықпен қолдау көрсеткеніне ризамын. Тілектеріңіз еселеніп қайтсын!», – деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл жазбасы желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оны рухы мықты әйел ретінде қолдап, жаңа өміріне сәттілік тілеп жатыр.

«Қайрат қайда?», «Жаңа өмір емес, мәнді өмір болсын. Жаңа өмір емес, берекелді өмір болсын. Жаңа бастама тек берекесімен келсін. Әр нәрсенің өз хайыры бар. Әр бастама хайырлы болсын. Аман есен босанып алыңыз», «Құтты, берекелі шаңырақ болсын. Аман-есен босанып ал. Кім не десе о десін, балалардың бақыты үшін аман жүр», «Ешкімді жамандамады аузы көпіріп. Өзін әр жерде өсектеп жүргендерге жауап та берген жоқ. Жарайсың өресі биік қыз. Ал көз жанары суық деп жатқандар сендерді ызаландарып, еңбектеріңді еш етуге тырысатын жақындарың болса, өзге емес өз жақының сатып кетсе көрер едім жылы жүзді болып мәз болып жүргендеріңді», - деп жазды олар.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)