Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

27.06.2025, 09:10
150
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Getty Images

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 27 маусымда барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-17 м/с, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-17 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. 

Астанада найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында, солүстігінде кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысыңың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды