SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі атышулы Kyzdar.net сайтын неге бұғаттай алмай отырғанын түсіндірді.
Сенатор, бұрынғы ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Мәжіліс кулуарында атышулы Kyzdar.net сайтының неге әлі күнге дейін жабылмай отырғанын айтып берді.
Оның айтуынша, полицейлер бұл мәселемен айналысып жатыр, алайда интернеттегі технологиялық ерекшеліктер оны түбегейлі бұғаттауға мүмкіндік бермей отыр.
«Kyzdar.net-тің IP мекенжайын сәл өзгертсеңіз болды – тіпті бір ғана нүктені алып тастасаңыз, жаңа, бұғатталмаған ресурс болып шыға келеді. Сондықтан бұл сайт бұғаттаудан оңай айналып өте алады», – деді Қожаев.
Сенатор құқық қорғау органдары жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айта келе, бұл күресте техникалық тосқауылдардың бар екенін ашық мойындады.