Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

03.07.2025, 09:10
1904
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Getty Images

3 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 3 шілде күні елдің басым бөлігінде ауа райы бұзылады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағына циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан көп өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Ал елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Өрт қаупі жоғары өңірлер:

Абай облысы (шығыс),

Атырау облысы (оңтүстік, батыс),

Павлодар облысы (батыс),

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары (оңтүстік),

Маңғыстау облысы (батыс, оңтүстік, орталық),

Ұлытау облысы (орталық).

Төтенше өрт қаупі бар:

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары,

Қарағанды, Ұлытау облыстары (батыс, шығыс, оңтүстік),

Ақтөбе облысы (орталық),

Маңғыстау облысы (солтүстік-батыс),

Қостанай облысы (оңтүстік-батыс),

Абай облысы (оңтүстік).

Азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райы болжамдарын бақылап жүруге кеңес беріледі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды