Ресейде тағы бір әзербайжандық азамат қамауға алынды

03.07.2025, 14:30
4877
Ресейде тағы бір әзербайжандық азамат қамауға алынды azerbaycan24.com

Ұсталған әзербайжан Абасовқа кісі өлтіру бабы бойынша айып таққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Екатеринбург қаласындағы Ленин аудандық соты атышулы қылмыстық іске қатысы бар деп күдікке ілінген Азиз Абасовты қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол – осы іске тартылған сегізінші адам. Қамауға алу мерзімі 2025 жылғы 19 шілдеге дейін белгіленді.

Абасовқа «қасақана кісі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша айып тағылып отыр. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін сот Акиф, Аяз, Бакир және Мазахир Сафаровтар, Ахлиман Гянджиев, Шахин Лалаев пен Камал Сафаровты қамауға алған болатын. Ал күдіктілердің бірі – Гусейн Сафаров пен оның інісі Зияддин Сафаров – тұтқындалу кезінде көз жұмған.

Ресейдің Тергеу комитеті бұл адамдарды 2001, 2010 және 2011 жылдары ұйымдасқан этникалық қылмыстық топ құрамында жасалған тапсырыспен кісі өлтіру және оған оқталу істеріне қатысы бар деп күдіктенеді.

Ресей мен Әзербайжан арасындағы қатынас шиеленісті

Бұл жағдайдан кейін Мәскеу мен Бакудің арасындағы қатынас ушыға түсті. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі рейд кезінде адамдардың жараланғанын және қаза тапқанын мәлімдеп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

Әзербайжан Бас прокуратурасы 1 шілдеде «қатыгездікпен жасалған азаптау және кісі өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бакудің мәліметінше, 60 жастағы Гусейн Сафаров Екатеринбургтегі ІІМ ғимаратында көптеген жарақаттар салдарынан шок алып көз жұмған. Оның 55 жастағы інісі Зияддин Сафаров та көптеген дене жарақатынан кейін арнайы көлікте қайтыс болған.

Осы оқиғалардан кейін Әзербайжан билігі Ресеймен бірлескен мәдени іс-шараларды тоқтатып, Мәскеуге жоспарланған парламенттік делегация сапарын да жойды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді