АҚШ Израильге Иранға қарсы бункер бұзғыш бомба бермек

03.07.2025, 16:23
4624
АҚШ Израильге Иранға қарсы бункер бұзғыш бомба бермек AP Photo / David Smith

Трамп жерасты бункерлерді бұзып тастайтын бомбаны Израильге сыйламақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Иран ядролық қаруға қол жеткізер болса, Израильге аса қуатты бункер бұзғыш бомбалар мен B-2 Spirit стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын жеткізуге дайын. Бұл туралы АҚШ Конгресінде ұсынылған жаңа заң жобасында айтылған.

Құжатты Демократиялық партия өкілі Джош Готхаймер мен республикашыл Майк Лоулер таныстырды. Олардың айтуынша, бұл заң Израильдің ядролық қаруға ұмтылып отырған Иран тарапынан төнуі мүмкін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

«Иран – АҚШ-тың ондаған азаматын, соның ішінде әскери қызметкерлерді өлтірген мемлекет. Ол бірнеше мәрте Израильге шабуыл жасады. Израиль өзін және аймақ тұрақтылығын қорғауға толық дайын болуы тиіс», – деді Готхаймер.

«Заң жобасы президентке Израиль әскерімен бірлесіп жұмыс істеуге, оларды оқытып-жаттықтыруға және Иранға қарсы әрекет етуге қажетті заманауи қарумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Лоулер.

Құжат Израильге салмағы 13,5 тоннаға жуық GBU-57 Massive Ordnance Penetrator (MOP) деп аталатын бункер бұзғыш бомбаларды беруді көздейді. Бұл қару – жерасты ядролық инфрақұрылымдарды жоюға арналған әлемдегі ең қуатты бомбалардың бірі. Сондай-ақ құжатта Израильге бұл бомбаларды жеткізуге қабілетті B-2 Spirit бомбалаушы ұшақтарын беру туралы да айтылған.

B-2 – радиолокацияға ілінбейтін, ядролық соққы жасауға бейімделген ұшақ. Қазіргі таңда АҚШ-та бұл үлгідегі 19 ұшақ бар, және әлі күнге дейін ешбір елге мұндай техника берілген емес.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Иранның ядролық инфрақұрылымына қарсы әуешабуыл жасағанын жариялаған. Сол кезде АҚШ пилоттары үш нысанаға 14 GBU-57 бомбасын тастағанын айтқан.

Президент Трамп шабуылдан кейін «Иран режимінің ядролық бағдарламасы толықтай жойылды» деп мәлімдеген.

Алайда кейінірек кейбір дереккөздер Иран билігі ядролық материалдарын бомбалау басталмай тұрып қауіпсіз аймақтарға көшіруі мүмкін екенін хабарлаған. Бірақ бұл ақпаратты АҚШ ресми түрде жоққа шығарды.

Жаңа заң жобасы қабылданса, АҚШ алғаш рет Израильге стратегиялық бомбалаушы ұшақтар мен бункер бұзғыш қару беру мүмкіндігіне жол ашады. Бұл – Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұрған шақта Израильдің қорғаныс қабілетін күшейтуге бағытталған маңызды қадам.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды