«Дәстүрімізге жат!»: Мүфтият Тоқаевтың никабқа тыйым салу туралы заңын қолдады

04.07.2025, 12:29
3650
«Дәстүрімізге жат!»: Мүфтият Тоқаевтың никабқа тыйым салу туралы заңын қолдады DPA/TASS

Президент заңға қол қойған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті тұтастай жабатын киімдерге, соның ішінде никабқа тыйым салынды. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ресми мәлімдеме жасап, жаңа заңның мәнін түсіндірді.

Муфтияттың хабарлауынша, бұл шешім қандай да бір діни сенімді шектеуге емес, ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

«Бұл заң ешкімнің діни еркіндігі мен таңдауына шектеу қою мақсатында қабылданған жоқ. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері, соның ішінде бірқатар мұсылман мемлекеттері де, қауіпсіздік мақсатында осындай шаралар қабылдап отыр», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Діни басқарма өз ұстанымын Құран мен Пайғамбар хадистері негізінде түсіндірді. Атап айтқанда, «Ан-Нур» сүресінің 31-аятында мұсылман әйелдерге тән ұяттылық нормалары баяндалған:

«Мүмін әйелдерге айт: көздерін төмен салсын, ар-намыстарын сақтасын. Көрсетілетін нәрседен басқа әшекейлерін көрсетпесін...» – делінген аятта. Діни басқарма бұл аятты «бет пен қолдың ашық болуы – Құранға қайшы емес» деген қорытындымен түсіндіріп отыр.

Сонымен қатар, Имам Абу Дауд жеткізген хадисте Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің қызына:

«Уа, Асма! Қыз бала балиғатқа жеткен кезде оның денесінің мына және мына жерлерінен басқа ештеңесі көрінбеуі тиіс», – деп, бет пен қолын көрсеткені айтылған.

Муфтият: Никаб – дәстүрімізге жат, Ислам қоғаммен үндестікті дәріптейді

Мәлімдемеде толықтай бет жабу тәжірибесі қазақ халқының дәстүріне тән емес екені де айтылды. Діни басқарма қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың маңызын атап өтті:

«Біз – Қазақстан мұсылмандарының біртұтас діни ұйымы ретінде қоғамдық тұрақтылық, келісім және бірлік – басты құндылықтарымыздың бірі деп санаймыз. Ислам діні де қоғаммен үйлесімді өмір сүруге, тәртіп сақтауға және елдің тыныштығына үлес қосуға шақырады. Сондықтан жаңа заңға түсіністікпен қарап, қоғам игілігі үшін бірлігімізді күшейтейік», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Еске салсақ, 30 маусымда Қазақстан Президенті құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Заң бойынша, қоғамдық орында бетті тұтастай жабатын киім киюге тыйым салынады. Бұл шектеу никабқа да қатысты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды