3892

Бүгін елдің ірі қалаларында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Бүгін елдің ірі қалаларында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі
FotografiaBasica / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 5 шілде, сенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығына дайын болуға шақырады.

Астана:

Бұлтты ауа райы, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Желдің жылдамдығы: 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді.

Температура:

түнде: +15…+17°C
күндіз: +22…+24°C

Алматы:

Бұлт аралас ашық күн, жаңбыр жаумайды.

Жел: 3–8 м/с, күндіз 13 м/с-қа дейін күшейеді.

Температура:

түнде: +22…+24°C
күндіз: +36…+38°C

Шымкент:

Бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жел: 8–13 м/с.

Температура:

түнде: +23…+25°C
күндіз: +41…+43°C

Ескерту Астанада ауа райының күрт құбылуына байланысты тұрғындарға қосымша сақтық шараларын ұстану ұсынылады.

Материал авторы